Еліміздің тағы бір облысында карантин шектеулері жеңілдетіледі
Опубликовано:

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады, оған сәйкес облыста кейбір карантиндік шаралар жеңілдетілді. Құжат мәтіні Қарағанды облысының СЭБД ресми сайтында пайда болды.
20 ақпаннан бастап облыста аквапарктердің жұмысына рұқсат етіледі.
Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, көлемі 2000 шаршы метрден асатын сауда желілері, жабық және азық-түлік емес базарлар, сондай-ақ СПА-орталықтар мен сауналар жексенбі күндері жұмыс істейді.
Кинотеатрлар максималды толтырылуы 30%-дан артық емес (50 адамға дейін) жағдайда жұмыс істей алады. Бұл жағдайда шахматтық отыру, бетперде режимі және арақашықтық сақталуы керек. Бұрын залдарда бір уақытта 30-дан көп емес адам болатын, толтырылуы 20%-ды құраған еді.
Сонымен қатар, демалыс күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы келесі бағыттар бойынша қайта жанданады:
- Қарағанды - Теміртау - Қарағанды;
- Қарағанды - Саран - Қарағанды;
- Қарағанды - Шахтинск - Қарағанды;
- Қарағанды - Абай - Қарағанды;
- Қарағанды - Шахан - Қарағанды;
- Қарағанды - Топар - Қарағанды.
Қаулы 20 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Келесі сілтеме арқылы өтіп, жаңа қаулыдағы барлық өзгертулермен танысуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899659-elimizdin-tagy-bir-oblysynda-karantin-sekteuleri-zenildetiledi/