Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен сотталушы іздестірілуде: Ол туралы не белгілі

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Апта басында Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі оның кім екенін және не үшін сотталғанын анықтауға тырысты.

Айыпталушының есімі Дамир Давутов, ол 1987 жылы өмірге келген. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қашу фактісі ағымдағы жылдың 15 ақпанында тіркелген.

"Осы жылдың 15 ақпанында 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті", - деп хабарлады комитетте.

Аталған факті бойынша Алматы полициясы департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе абақтыдан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Соңғы рет ол ұрлық пен алаяқтық үшін айыпталып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Алматы қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі сотталушы іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, қашудың себептері мен жағдайларын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындылары бойынша оқиғаға жауапты лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899687-almatyda-tergeu-izolatorynan-kasyp-ketken-sottalusy-izdestirilude-ol-turaly-ne-belgili/

pixel