Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғары оқу орындары дәстүрлі форматқа қашан ауысады

Опубликовано:

Студенты сидят в аудитории на занятиях
Фото: Matthias Balk/Picture alliance/Getty Images

Білім және ғылым министрлігі университеттерде білім беруді дәстүрлі форматқа ауыстыруға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, дәстүрлі форматқа ауысу бойынша Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан тиісті шешімді қабылдайды. Бұл мәселе эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер тиісті рұқсат болса, онда жоғары оқу орындары қуана-қуана дәстүрлі форматқа көшеді, деп түсіндірді комитет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте университеттер лицензиясынан неге айырылатынын айтты.

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы тағы бірнеше университетті жабу жоспарын жария етті.

Одан бөлек, Дәуленов қандай жағдайда университет лицензиясынан айырылмайтынын айтты.

"Біз үшін ең бастысы – материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, белгілі бір мамандық студенттеріне сабақ беретін оқытушылар құрамының болуы, ең бастысы, студенттер оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы. Мықты жоғары оқу орындарын ешкім жаппайды. Бұл университеттер түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызымен ерекшеленеді. Бұл университеттерді жұмыс берушілер сертификаттайды және жұмыс беруші мұнда оқуған студенттерді оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айда жұмысқа алады", – деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899726-zogary-oqu-oryndary-dasturli-formatqa-qasan-auysady/

pixel