Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 13 градусқа дейін күн суытады

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алдағы алты тәулікте Алматыда күн жылы болады. Алайда келесі аптаның ортасында күн 13 градусқа дейін күрт суытуы мүмкін. Еліміздің оңтүстік астанасына ауа райы болжамын Gismeteo.kz ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Сайт мәліметіне сәйкес, 19 ақпан күні күндіз Алматыда ауа температурасы 18 градус жылы болады. Ал 20-23 ақпан аралығында (сенбіден сейсенбіге дейін) термометр бағаны күндіз плюс 10 градустан 1 градусқа дейін біртіндеп төмендей бастайды. 24 ақпан күні (сәрсенбіде) күн қайта жылынып, сегіз градусқа дейін көтеріледі.

25-27 ақпан аралығында Алматыда күндіз суық болады деп күтілуде, бейсенбі минус үш, жұма минус тоғыз, ал сенбі минус төртке дейін күн суытады.

Алдағы алты тәулікте түнгі уақытта ауа райы біртіндеп суыта бастайды - плюс бестен минус екіге дейін. Бейсенбі (25 ақпан) күн күрт суып, минус тоғызға дейін жетеді, ал сенбіде 13 градус аяз күтіледі.

Одан бөлек, синоптиктер алдағы аптаның әр жұмыс күні қар жауады деп болжап отыр. Кей күндері қар қалың түседі деп күтілуде. Ал алдағы демалыс күндері жаңбыр жаууы ықтимал.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанға рекордтық мөлшерде қар түскенін хабарлаған едік. Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 миллиметр қар жауған - бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды.

Еліміздің бас қаласында қар жинау жұмыстары кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізіледі деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайтында. 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қар жинау жұмысына 500-ден астам арнайы техника мен 50-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899733-almatyda-13-gradusqa-deiin-kun-suytady/

pixel