Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарды зорлады деген шу шыққан интернат басшысы өз еркімен қызметінен кетті

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Қыздарға жүктіліктен сақтайтын спираль салып зорлады деген шу шыққаннан кейін Шымкенттегі интернаттың басшысы жұмысынан босатылды. Атышулы мекеменің меңгерушісі өз еркімен қызметінен кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Құзырлы орындар психикалық ауытқуы бар тәрбиеленушілерді зорлады деген нұсқаны әлі тексеріп жатқандарын алға тартты. Ол үшін №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында соңғы он жылда жұмыс істеген еркек атаулының барлығынан сұрақ-жауап алынады.

"Қазір бізге белгілі мәлімет - бір айға созылады жеп жатыр. Себебі, 2010 жылы сол орталықта қызмет атқарған қызметкерлерден сұрастырылып жатыр. Сол себепті бір айға шегертілген", - дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев.

Бұған дейін Шымкент тұрғыны интернатта қызымды 7 жыл бойы зорлап келді деп шағымданған болатын.

Дереккөз: КТК

Арнайы интернатты тексерген комиссия, біраз былықтың бетін ашқан деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары, оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентармен және киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылардың киімінің маркировкасы жоқ. Сондай-ақ, асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл демек орталықта тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Осы деректерге орай баспасөз жиынын өткізген жауапты басқарма өкілдері орталық директорының қызметтен өз өтінішімен кеткенін жеткізді. Ал мекемеде мүгедек қыздарды зорлау жәйтіне қатысты тілшілердің сұрағына жауабы қысқа болды.

"Енді бұл мәселе бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің құзыретінде, қазіргі барлық тергеу амалдарын департамент өзі жасап жатыр", - дейді Нұрғали Егембердиев.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899751-qyzdardy-zorlady-degen-su-syqqan-internattyn-bassysy-oz-erkimen-qyzmetinen-ketti/

pixel