Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 796 адам тіркелді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 901 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 205 825-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 901 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 136,

Алматы қаласы - 103,

Шымкент қаласы - 10,

Ақмола облысы - 86,

Ақтөбе облысы - 20,

Алматы облысы - 57,

Атырау облысы - 39,

Шығыс Қазақстан облысы - 61,

Жамбыл облысы - 14,

Батыс Қазақстан облысы - 83,

Қарағанды облысы - 57,

Қостанай облысы - 69,

Қызылорда облысы - 17,

Маңғыстау облысы - 5,

Павлодар облысы - 103,

Солтүстік Қазақстан облысы - 39,

Түркістан облысы - 2.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Одан бөлек Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899762-elimizde-koronavirus-zuqtyrgan-tagy-796-adam-tirkeldi/

pixel