Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазығұртта мектептен соң үйіне қайтпаған баланың қайда жүргені анықталды

Опубликовано:

Жоғалған бала
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында қазығұрттық полицейлер жоғалған баланы тауып, үйіне қайтарды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған баласы мектепке кетіп қайта оралмағаны туралы хабарлайды. Анасы 11 жастағы баласын өздері жан-жақты іздеп таппаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. Полицейлер мектептен шығып кеткен 11 жасар жасөспірімді бөлімшеге тіркеп, іздеуге кіріседі.

Тәртіп сақшылары учаскелік полиция инспекторлары барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алған.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, тәулік ішінде жоғалған баланы сегіз шақырым жердегі көрші ауылдан, ойнап жүрген жерінен табады. Полицейлер табылған жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына тапсырды.

Өз кезегінде жасөспірімнің анасы Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі үшін шын жүректен алғысын білдірді. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Еске салсақ, "өлер алдында" жақындары үшін видео түсіріп, мән-жайды баяндап кеткен павлодарлық азамат аман-есен табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Іздеу салынған тұрғын 17 ақпан күні таңертең үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ол еріктілерге мұндай қадамға қаржылық мәселелер итермелеген соң барғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899786-qazygurtta-mektepten-son-uiine-qaitpagan-balanyn-qaida-zurgeni-anyqtaldy/

pixel