RU

Қарағандыда прокурор орынбасарын қағып өлтірген такси жүргізушісі кінәсіз деп танылды

Жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысында өткен жылдың ақпан айында Осакаров ауданы прокурорының орынбасары Жандос Шаменовті қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ернат Қалиакпаров мәлімдеді.

Полиция полковнигінің айтуынша, такси жүргізушісі кінәсіз деп танылғандықтан, қылмыстық тергеу тоқтатылды.

Мұндай шешім қабылдауға такси жүргізушісінің өлімге әкеліп соқтырған соққының алдын алуға техникалық мүмкіндігі болмаған деген сарапшылардың қорытындысы себеп болған екен.

Қайғылы жағдаймен аяқталған жол апаты Қарағанды ​​қаласындағы Майқұдықтың қаңырап тұрған және жарықтандырылмаған айналма жолында .рын алған.

Қарлы және мұзды жерден айналып өтпек болған зардап шегуші жолға өте жақын жүрген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Қарағандыда Осакаров ауданы прокурорының орынбасары Жандос Шаменовті көлік қағып кеткені хабарланған еді. Жол апаты алдында ер адам кафеде болған және мерекеден кейін ол туыстарына жаяу баруды шешкен. Соққыдан ауыр жарақаттар алған ер адамды құтқару мүмкін болмаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы үшінші бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899790-qaragandyda-prokurordyn-orynbasaryn-qagyp-oltirgen-taksi-zurgizusisi-kinasiz-dep-tanyldy/