Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полиция кезекті көкпар ойынының үстінен түсті

Опубликовано:

Көкпар
Көрнекі фото: talbesik.kz

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық полиция департаментінің дерегі бойынша Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда.

Осындай кезекті рейд барысында, күндізгі сағат 13:30 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы бойынша құрылған мобильді топпен бірге Бірлік ауыл әкімшілігі Пернебаев ауылына қарасты егістік алқапта 60-қа жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырып жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары көкпарға жиналған қауымды тарқатты.

Сонымен қатар, мобильді топ белгіленген талапты сақтамай, көкпар ойынына келген тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бұдан бөлек, адамдардың көптеп жиналуына жол берген жоғарыда аталған көкпар ойынының ұйымдастырушысына әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік құжаттар жинақталды.

Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолданды.

Өз кезегінде Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы шектеулерді сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899801-turkistan-oblysynda-policiya-kezekti-kokpar-oiynynyn-ustinen-tusti/

pixel