Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтаннан ұшқан ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды (видео)

Опубликовано:

Ұшақ
Видеодан кадр: Almaty.tv

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы жедел түрде Алматыға қонды.

"Алматы" телеарнасына әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшақ ауа райының қолайсыздығы салдарынан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

"2021 жылдың 19 ақпанында таңғы сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуеужайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10: 45-ке ауыстырылды", - дейді баспасөз қызметі.

Одан бөлек, баспасөз қызметіндегілер ұшақтың сәтті қонғанын алға тартты. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. Ал телеарнаға сұхбат берген жолаушылардың айтуынша, лайнер Алматыға үшінші ретінде ғана қона алған.

Еске салсақ, бұған дейін Ыстамбұлдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines Cargo әуе компаниясының жүк таситын ұшағы шұғыл түрде Ататүрік әуежайына қайта қонуға мәжбүр болғанын жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай әуе кемесі бір топ құспен соқтығысып қалған екен. Yeni Safak түрік басылымының мәліметінше, ұшақтың тұмсық жағы мен ауа қысымын бақылайтын бөлігіне зақым келген. Ол жөндеуге жіберілген.

Одан бөлек, Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақтың ірі құстар тобымен соқтығысқанын хабарлаған едік. Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899805-nur-sultannan-usqan-usaq-sugyl-turde-almatyga-qondy-video/

pixel