RU

NASA аэроғарыш агенттігінің марсоходы Марсқа сәтті қонды (видео)

Марсқа марсоход қонды
Оқиға орны. Фото: NASA

Америкалық "Perseverance" марсоходы Марсқа сәтті қонды. NASA аэроғарыш агенттігі ресми сайтында тікелей эфир жүргізген.

Аэроғарыш агенттігінің бейнежазбасында сәтті қону туралы марсоход бортынан берілген деректерге басқарма орталығындағылардың қатты қуанғаны байқалады.

Марсоходтың басты мақсаты - Қызыл ғаламшардан бактериалды өмірдің іздерін іздеу. Ғалымдар егер Марста өмір сүргендер болса, онда ол 3-тен 4 млрд жыл бұрынғы кезеңге сәйкес келетініне сенімді.

"Perseverance" соңғы айда Марсқа келген үшінші ғарыш аппараты. Бұған дейін орбитаға БАӘ мен Қытайдың роботтары кірген. Бұл үшеуі де Жер бетінен 2020 жылдың шілдесінде аттанған.

Еске сала кетсек, "Роскосмостың" ұшқыш-ғарышкері, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері Олег Артемьев Қазақстанның орбитадан түсірілген суреттерімен бөліскен болатын.

Ресейлік ғарышкер өзінің Instagram парақшасында фотосуреттер жариялаған.

Ол барлығы жеті сурет жүктеген. Фотоларда Балқаш көлі, Жаман Ақкөл, Өлі Құлтық ұңғымасы, Каспийдегі шаңды дауыл, сонымен бірге Байқоңыр мен Арал теңізі бейнеленген.

Айта кетсек, астрономдар 2021 жылдың 11 қаңтарында екі күннен кейін Жерден шамамен сегіз миллион шақырым қашықтықта 2020 WU5 астероиды ұшып өтетінін мәлімдеген еді.

Аспан денесі орбитасының траекториясы НАСА реактивті қозғалыс зертханасының сайтында көрсетілген болатын. Сол кезде ғалымдар аспан денесін қауіпті астероид болуы мүмкін деп топшылаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899826-nasa-aerogarys-agenttiginin-marsoxody-marsqa-satti-qondy-video/