Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз жорамал: Ақпан айының соңында кімдер мол табысқа кенелуі мүмкін

Опубликовано:

Табыс
Көрнекі фото: pexels.com

Ақпан айының соңында төрт шоқжұлдыз белгісі айтарлықтай сомада қаражатқа ие болады. Бұл туралы ресейлік астролог Павел Глоба айтты деп хабарлайды НТР-24.

Шаяндар

Шаян шоқжұлдызы белгісінде туғандар материалдық жағдайын жақсартады. Сізге жаңа жұмыс ұсынып жатса, келісім беріңіз. Барынша күш салып, мақсат қойып, алға қарай жылжысаңыз, мансабыңызда жоғары қарай ілгерілеп, соған сай ақшалай сыйақы алу мүмкіндігіңіз бар.

Қызмет ету саласын ауыстырғысы келмегендердің де мансабында табыстар күтіп тұр. Жорамалшының сөзінше, айлық табысыңыз еселенеді. Сонымен бірге сіздің мәселеңізді шешіп беруге қауқарлы жақын туыстарыңыздан көмек алуыңыз ықтимал.

Арыстандар

Астрологтың пікірінше, қаржылық жағдайыңызды жақсарту жоспарыңызға ескі таныстарыңыз көмекке келеді. Ірі қаражатқа ие болып жатсаңыз, оны болашаққа инвестициялауыңыз керек. Дегенмен құмарлыққа салынбай, жағдайды сараптаңыз. Сол кезде сіздің салған қаржыңыз екі еселеніп қайтып, материалдық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік береді.

Тауешкі

Тауешкілердің жалақысы көбейеді немесе жеке ісі болса табысы молая түседі. Кез келген жағдайда сіздің еңбексүйгіштіңіз бен табандылығыңыздың қайтарымы бар. Ақпан айының соңында банктегі шотыңыз сізді қатты қуантуы ықтимал. Сізге жаңа қызмет немесе жаңа жобалар ұсынуы мүмкін. Қандай қадам жасасаңыз да, ол сәтті болмақ. Дегенмен ара-тұра демалыс алуды ұмытпаңыз. Өйткені жақсы демалыс сізді тек шабыттандыра түседі.

Суқұйғыштар

Бұл шоқжұлдызда туғандар күтпеген жерден қажетті сомасына ие болады. Соңғы уақыттарда үнемдеу режимі сіз үшін әдетке айналған. Алайда астролог біраздан бері армандап жүрген затыңызды алып, өзіңізді қуантуға кеңес береді. Егер сіз жаңа бір істі бастағыңыз келіп жүре, онда сәттілік серігіңіз болмақ. Кім не десе де, идеяларыңыз айтарлықтай табыс әкеледі. Сол себепті тек өз ақылыңызды тыңдап, жүрегіңізге құлақ түріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899841-zuldyz-zoramal-aqpan-aiynyn-sonynda-kimder-mol-tabysqa-kenelui-mumkin/

pixel