RU

БАҚ: Түркияда Қазақстан азаматы ұсталды

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Түркияда Сириямен шекарада Қазақстан азаматы ұсталды. Ол іздеуде жүрген террористік ұйымның мүшесі деп хабарлайды Hurriyet басылымы.

Басылымның мәліметінше, Түркияның қауіпсіздік күштері С.А. есімді Қазақстан азаматын Сирия шекарасына жақын маңдағы Килис аймағында тұтқындаған.

Ол Сирия-Түркия шекарасынан өтпек болған кезде ұсталған

Басылымның жазуынша, ер адам – іздеуде болған ДАИШ (Қазақстанда және өзге де мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым) мүшесі.

Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейдегі іздеуде болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мысыр астанасы Каирде мешітке барар жолда қазақстандық азамат ұсталғанын жазған едік. Ер адам көші-қон заңнамасын бұзып, елден депортацияланған.

7 ақпанда 1989 жылы туған ер адам Алматыға Стамбул рейсімен келді. Каирде ол теологиялық білім беру орнында оқыған.

Студентке Алматы қаласында орналасқан "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде білім алу ұсынылды.

Сонымен қатар 38 жастағы Қазақстан азаматы Ресейде банк тонады деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Прокурор қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын бекіткен. Ол аса ірі көлемде қарақшылық жасады деп айыпталуда (РФ ҚК 162 бабы, 4 бөлімі).

Аталған бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899871-baq-turkiyada-qazaqstan-azamaty-ustaldy/