Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында өрттен бір үйдің бес баласы көз жұмды

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерден болған өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сағат 15.15-те 2-шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерден шыққан.

Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болған.

Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық бала улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілген, дегенмен олар біршама уақыттан кейін көз жұмған.

Ведомствоның ақпарынша, оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шыққан.

Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.

Сонымен қатар ТЖМ зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.

Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел топ, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары оқиға орнына аттанған.

Сондай-ақ Жаңатасқа облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов те аттанған.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 бірлік техника жұмыс істеген. Өрт толықтай сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899916-zambyl-oblysynda-ortten-bir-uidin-bes-balasy-koz-zumdy/

pixel