Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендегі "шенеуніктер" арасындағы төбелестің видеосы бойынша тексеру басталды

Опубликовано:

Шенділердің  төбелесі
Видеодан кадр: Atameken Info YouTube арнасы

Өскеменде мейрамханадағы "шенеуніктер" арасындағы төбелестің видеосын мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері тексереді.

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік хабарлады.

"Қазіргі уақытта Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті орын алған жағдайға мемлекеттік қызметкерлердің қатыстылығын анықтау бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда. Агенттік аталған мәселені ерекше бақылауға алды. Тексеріс нәтижелері туралы жұртшылыққа қосымша хабарланатын болады", – деді агенттіктің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Өскемендегі мейрамханалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады.

Ғимаратта бірнеше шенеуніктің кездескені айтылып, тіпті олардың есімдері де аталған. Сондай-ақ төбелеске қатысушылардың бірі мейрамхана иесіне ауыр жарақат салғаны хабарланған. Бұл жайтқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген болатын.

Ведомствоның мәліметінше, жанжал 2020 жылдың 26 желтоқсанында болған.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті іс фигуранттарының аты-жөні мен қызметін жария етпеді. Алайда Өскемен қаласы әкімінің болған оқиғаға қатысы жоқ екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899929-oskemendegi-seneunikter-arasyndagy-tobelestin-videosy-boiynsa-tekseru-bastaldy/

pixel