Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда карантиндік шектеу шаралары өзгертілді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Талдықорған қаласындағы шектеу шаралары туралы қаулыға өзгеріс енгізді деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі онлайн-оқыту 5, 6, 7, 8 және 10 сыныптарды қоса алғанда ұзартылған.

Егер мектепке баратын балалар немесе жұмысшылар арасында COVID-19 жағдайының біреуі тіркелетін болса, инкубациялық кезеңнің соңына дейін карантинге жабылуын қамтамасыз етілуі қажет.

Білім беру мекемелеріндегі, оның ішінде коллеждерде және университеттердегі қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. Нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимі, келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталған жағдайда және ас бөлмелерінің толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда жұмысын жандандыра алады.

Балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру орталықтарының қызметіне алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топқа рұқсат етіледі.

СПА-орталықтарының, спорт залдардың, спорт ғимараттарының, фитнес орталықтарының, бассейндердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың қызметіне рұқсат етіледі.

Қаулы 2021 жылғы 22 ақпанда сағат 7:00-ден бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 19 ақпанда қаулы жариялап, құжатта кейбір мекемелерге өз қызметін қайта бастауға рұқсат берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899933-taldyqorganda-karantindik-sekteu-saralary-ozgertildi/

pixel