Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Елімізде «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде ВАК-тың ресми Telagram арнасында 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, енді республика аумағында "қызыл" аймақта ешбір облыс қалған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ.

Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта болған Павлодар облысы енді «сары» аймаққа ауысты.

«Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

20.02.2021 матрицасы
Матрица:: Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 827 жаңа дерегі тіркелген болатын. Бір тәулік ішінде анықталған науқастар саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Елордада күні кеше қауіпті дертке шалдыққан тағы 127 адам анықталған. Сондай-ақ, Алматы мен Павлодар облысында да 100-ден аса адам қауіпті инйекцияны жұқтырып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899951-koronavirus-elimizde-qyzyl-aimaqta-esbir-onir-qalgan-zoq/

pixel