Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да Даниал Ахметовтың көзінше ауруханада есік құлап қалды (видео)

Опубликовано:

Даниал Ахметов жұмыс сапарында
Фото: Видеодан кадр

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Жамбыл облысындағы әріптесінен құлап қалған заттар эстафетасын қабылдап алды. Бұл жолы Қайнар ауылындағы ауруханаға барған өңір басшысының көзінше шкаф есігі құлап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Даниал Ахметов күні кеше Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылына арнайы жұмыс сапарымен барып қайтты. Өңір басшысы ол жердегі барлық әлеуметтік маңызды нысандарын аралап, олардың бүгінгі жағдайымен танысты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі сапары барысында жергілікті ауруханаға да ат басын бұрды. Емхана бөлмелерін аралаған ол өзін райынан қайтармақ болған медициналық ұжымның сөздеріне қарамастан сол жердегі шкаф есіктерін аша бастады. Нәтижесінде өңір басшысы ашпақ болған есік жерге құлап түсті.

Даниал Ахметов бұл ыңғайсыз жағдайды жасырмай, ол жайында өзінің Instagram парақшасында да айтып өтті.

"Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр, өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады.
Бюджеттен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлеміз. Ультра-дыбыстық зерттеу құрылғысы ескірген екен, тезарада жаңасын алып беру тапсырылды. Денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ, перзентхана ашу үшін жұмысты бастауы қажет" , - деп жазды Даниал Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899969-sqo-da-danial-axmetovtyn-kozinse-auruxanada-esik-qulap-qaldy-video/

pixel