RU

Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылды (видео)

Астанада жылу трассасы жарылды
Видеодан кадр: zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жылу трассасы жарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Аталған жайтқа қатысты тиісті мекеме жауап берді деп жазады zakon.kz.

"20 ақпан күні сағат 10: 45-те Қосшығұлұлы көшесі ауданында диаметрі 500 мм жылу трассасы жарылды. Учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те олқылықтар анықталды. Көлік қозғалысында өзгерістер жоқ", - деді "Астана-Жылутранзит" АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта олқылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, күні кеше Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерден болған өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде ТЖ департаментінің бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертхананы зерттеудің алдын ала деректерін жариялады.

"Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде болды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертханамен зерттеу жүргізу кезінде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады, үй орталық жылытуға қосылған", - деді ТЖД басшысы.

Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899976-nur-sultanda-zylu-trassasy-zaryldy-video/