Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджері ұсталды

Опубликовано:

Алматыдағы Delta Bank
Фото: yandex.kz/ maps

Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджері ұсталды. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрлан Самзаев мен басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатбаева ұсталды.

"Иә, расында да аталған азаматтардың ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне сәйкес бұл іске қатысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.

Топ-менеджеры
Фото: telegram.org/yyedilov

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры "Delta Bank" АҚ салымшыларына төлем төлеу уақытын 2021 жылдың 23 мамырына дейін созған болатын. "ЦентрКредитБанкі" АҚ тиісті келісімшартқа қол қойды. Көрсетілген мерзім ішінде "Delta Bank" АҚ салымшылары агент банкке жүгініп, кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі өтінішті тікелей немесе сенім білдірілген тұлға арқылы ұсына алады.

Айта кетейік, Павлодар облысында нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактуралар беру фактісі анықталды. Мемлекетке миллиард теңге шығын келтірілген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899984-delta-bank-tin-buryngy-top-menedzeri-ustaldy/

pixel