Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаттары Жаңатастағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: pixabay.com

Парламент мәжілісі депутаттарының атынан төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин Жаңатастағы өрт салдарынан 5 сәбиінен айырылған Әбдімәліковтер отбасына көңіл айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпус атынан шынайы қолдау және қайғыға ортақтасу сөзін жеткізіп, орын алған жайтты қазақстандықтардың жан-жүрегіне ауыр салмақ түсірген үлкен трагедия деп атады.

"Балалардың қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Осынау орны толмас қаза орын алған отбасының қайғы-қасіретіне ортақтасамыз", - деп атап өтті мәжіліс спикері.

Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт болып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан пәтерде үлкендердің қарауынсыз қалған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы дүниеге келген бес сәби түтінге уланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Алайда араға біраз уақыт салып, барлығы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңатаста пәтердегі өрт тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуінен туындаған.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы өрттің салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысымен бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты. Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899992-mzilis-deputattary-zaatastagy-kajgyly-okigaga-bajlanysty-kil-ajtty/

pixel