RU

COVID-19: Перу ауруханаларында оттегі жетіспей жатыр

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Перуде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, өлім көбейді деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі, ауруханалардағы науқастарға оттегі жетіспей жатыр. Лима қаласының 11 емдеу орталығында оттегі тапшылығынан кезек көбейген. Ал кей аймақтарда оттегі бағасы бірнеше есе өсіп кетті. Билік өкілдері елге күніне 110 тонна оттегі жетіспейтінін айтады. Чили мен Оңтүстік Корея көмек ұсынған. Бірақ оттегі тапшылығы қашан аяқталатыны белгісіз.

Айта кетейік, Перуде вирусты 1 милион 200 мыңнан аса адам жұқтырған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елдің ешбір облысы "қызыл" аймақта жоқ. Бірнеше күннен бері "қызыл" аймақта болған Павлодар облысы енді "сары" аймаққа ауысты. "Сары" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.

Ал Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары 7 наурызға дейін ұзартылды. Бұл мерзім COVID-19 таралуының өзгерістеріне байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылып отыр.

Одан бөлек, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Талдықорған қаласындағы шектеу шаралары туралы қаулыға өзгеріс енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900001-covid-19-peru-auruhanalarynda-ottegi-zetispej-zatyr/