Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құс тұмауының штаммы алғаш рет адамнан анықталды

Опубликовано:

Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
Көрнекі фото: piqsels.com

Құс тұмауы А вирусының H5N8 штаммын адамның жұқтыруы алғаш рет зертханалық жағдайда расталды. Мұны ресейлік "Вектор" орталығының ғалымдары анықтады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова 2020 жылдың желтоқсан айында Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасында вирус індеті тіркелгенін еске түсірді.

"Ғалымдар фабриканың жеті қызметкерінен осы аурудың генетикалық материалын бөліп алды. Бүкіл адамдар, мен айтып отырған жеті адам да өздерін жақсы сезінеді. Олардың клиникалық ағымы өте жеңіл өтті", – деді Попова Россия 24 телеарнасында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, адамдар мен жануарларды қорғаудың барлық шараларын өте қысқа мерзімде жүзеге асырды. Соның нәтижесінде бұл инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болды.

Айта кетейік, 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы "қызыл" аймақта жоқ. Бірнеше күннен бері "қызыл" аймақта болған Павлодар облысы енді "сары" аймаққа ауысты.

"Сары" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.

Одан бөлек, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Талдықорған қаласындағы шектеу шаралары туралы қаулыға өзгеріс енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900005-ks-tmauyny-stammy-algas-ret-adamnan-anyktaldy/

pixel