Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған еді. Бірақ, белгісіз себептермен африкалық боксшының жекпе-жекке қатыспайтыны анықталып, оның орнына эквадорлық Джейсон Миндамен (14-3-1, 8 КО) шаршы алаңға шығатыны белгілі болған.

КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген кездесу 10 раундқа созылуы тиіс еді. Алайда жекпе-жек барысында Қанат Исламнан екі рет нокдаун алған Джейсон Минда жетінші раундта нокаутқа түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1900022-qanat-islam-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi/

pixel