Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда көп қабатты үйде газ баллоны жарылып, 2 адам қаза тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: Sputnik / Елена Бережная

Петропавлдың орталығында бесқабатты жатақханада газ жарылып, екі адам қайтыс болды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс туралы хабар "101" нөміріне бүгін сағат 15.59 шамасында түскен. Белгілі болғандай, Петропавлдағы Интернационал көшесіндегі 21 үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылып, артынан өрт басталған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша 10 адам зардап шегіп, 2 адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр, аумақ қоршауға алынды.

Оқиға орны
Фото: Sputnik / Елена Бережная

СҚО ТЖД басшысы Рамиль Камалов ҚазАқпарат басылымына оқиғаға қатысты пікір білдіріп, төтенше жағдайдың мән-жайын жеткізген.

«Оқиға орнына келгенде бірінші қабаттан шығып жатқан қатты түтінді көрдік. Бұл жерде бірнеше кәсіпкерлік субъектісі: бірнеше дәмхана мен шаштараз орналасқан. Газ баллоны дәмханалардың бірінде жарылған. Келе сала үш адамды қауіпсіз жерге шығардық, бірақ олардың екеуі көз жұмды. Оқиға болған жер полицейлермен толық қоршауға алынды. Ауа райына байланысты автобустарды алдырып, адамдарды жақын маңдағы № 2 орта мектепке орналастырдық. Қазіргі уақытта үйіндінің астында қалғандар іздестіріліп жатыр. Қатты түтін мамандардың жұмысын қиындатқан», - деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.
Оқиға орны
Фото: Sputnik / Елена Бережная

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900040-petropavlda-kop-qabatty-uide-gaz-ballony-zarylyp-2-adam-qaza-tapty-foto-video/

pixel