Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Атамқұлов Теміртауда қою түтін шыққан кәсіпорынға барып қайтты (фото)

Опубликовано:

Теміртаудағы зауыттан қою түтін шығып жатыр
Фото: Олег Гусев/Facebook

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді. Министрдің іс-сапары жөнінде ҚР ИИДМ ресми Telegram каналында хабарланған.

"Министр ең алдымен конвертер цехына барды. Онда жақында №2 конвертерде үрлеу кезінде алғашқы газ тазалау пресс-скрубберінің қабырғаларына жабысып қалған шаң опырылып құлаған. Содан кейін пеште балқыту тоқтатылды" , - делінген хабарламада.

Бейбіт Атамқұлов жағдай болған жерде кәсіпорынның техникалық мамандарының оқиғаның ықтимал себептері туралы мәліметін тыңдады.

Министр, сондай-ақ, кокс-химиялық өндірісте, домна пешінде, ыстықтай мырыштау және алюминийлеу цехында болды. Ол кәсіпорын басшылығының назарын дереу арада жаңғырту мен инвестицияны қажет ететін кокс батареяларының жай-күйіне аударды.

Атамқұлов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға барған кезі
Фото: t.me/miirkz
"Бұл цех технологиялық процестің шикізат құрамаларын, сондай-ақ болат өндірісінің барлық негізгі техникалық бөліністерінде қолданылатын кокс газын жеткізеді" , - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры кокс батареяларындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. 2021 жылы № 3 және 4 кокс батареяларын жөндеуді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Биджу Наир алдағы уақытта жылу-лектр орталығында бу-ауа станциясын, 2-ші жылу-электр орталығында, көмір департаментінің шахталарын жаңғырту және көмір метанын қайта өңдеу жобаларын іске асыру туралы айтып берді.

Атамқұлов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға барған кезі
Фото: t.me/miirkz

"Кәсіпорын алдына жаңа экологиялық кодекс талаптарына сәйкес зауытты ауқымды жаңғырту және технологиялық жаңартуға бағытталатын инвестицияны арттыру міндеті қойылды.

Қазақстанда құрылыс көлемі айтарлықтай қарқынмен өсіп келе жатқандықтан, министр комбинат басшылығының назарын ең алдымен ішкі нарықты металл прокатымен қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды" , - делінген министрлік хабарламасында.

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны
Фото: t.me/miirkz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900041-ministr-atamqulov-temirtauda-qoyu-tutin-syqqan-kasiporynga-baryp-qaitty-foto/

pixel