Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы жер асты көлік тұрағында той өткізгендер анықталды (видео)

Опубликовано:

Той
Видеодан кадр: instagram.com/podslushano_aktau

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде жер асты паркингінде ұйымдастырылған той видеосы желіде тарап кетті. Бейнежазбаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тараған видеода азамат шара өтіп жатқан орынға кішігірім экскурсия жасайды. Кадрға дастархан жайылған бірнеше үстел мен қонақтар түсіп қалған. Роликтегі кейіпкер мұның қалада ерекше ұйымдастырылған алғашқы той емес екенін де айтады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі іс-шараға қатысушылар анықталғанын мәлімдеді.

"Түсініктемелер алынды. Материалдар Ақтау қалалық әкімдігі жанындағы мониторингілік топқа жолданды",- деді ведомствода.

Айта кетейік, Шымкент қаласында карантиндік шектеулерге қарамастан ағайын-туыс, дос-жарандарын шақырып, ұлан-асыр той ұйымдастырғандар анықталды. Бақылау тобы жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды тоқтатқаны белгілі болды.

Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген тойхана әкімшісіне және той иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу") бойынша құжаттар жинақталды.

Материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900157-aqtaudagy-zer-asty-kolik-turagynda-toi-otkizgender-anyqtaldy-video/

pixel