Қостанай облысында есірткіні іш киіміне жасырған ер адам ұсталды
Опубликовано:

Қостанай облысында есірткі сатушы героинді ішкі киіміне жасырған деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының ортасында Жітіқаралық полицейлер есірткі сатумен айналысатын 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді ұстады.
Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды. Ер кісі ішкі киімінде героиннің 17 фольга байламын жасырған.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуы бойынша, жергілікті уақытша ұстау изоляторында орналасқан наркодилерлер есірткіні сатып қана қойған жоқ, сонымен қатар әйелдің жүктілігіне қарамастан, өздері де есірткіні қолданған.
Аудандық сотпен күдіктілерге қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы қабылданды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен екі смартфон өткізбек болғанын жазған едік.
Одан бөлек, Атырауда түрмеге тыйым салынған зат лақтырғандар қамауға алынған болатын.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркілегенін жазған едік.
"Құқықтық тәртіп” жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900158-qostanai-oblysynda-esirtkini-is-kiimine-zasyrgan-er-adam-ustaldy/