Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде полицейлердің қызметтік көлігіне қатысты жаңа челлендж тарап кетті

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Түркістан облысы Полиция департаменті

Әлеуметтік желіде полицейлердің қызметтік автокөлігіне қатысты челлендж-видео тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ролик құқық қорғаушылар машинасының соңында келе жатқан көліктің ішінде түсірілген. Оған полицияның дабылы қосылады.

Құқық қорғаушылар бұл видеоны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараған видеоға қатысты тексеру жүргізілген. Нәтижесінде видеоның өңделгені, дыбысты полицияның емес, видеоны түсіріп отырған адамның қосқаны анықталған.

"Тексеру нәтижесінде желі қолданушылары арасында челлендж секілді таралып жатқан видеодағы полиция дабылының дауысы өңдеу арқылы қойылғаны анықталды", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция дабылдың шынайы емес екенін айтты. Сондай-ақ, сақшылар азаматтарды кез келген жалған ақпаратты таратпауға шақырады.

Еске сала кетсек, Ақтаудағы жер асты көлік тұрағында той өткізгендер анықталған еді.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі іс-шараға қатысушылар анықталғанын мәлімдеді.

"Түсініктемелер алынды. Материалдар Ақтау қалалық әкімдігі жанындағы мониторингілік топқа жолданды",- деді ведомствода.

Айта кетейік, Шымкент қаласында карантиндік шектеулерге қарамастан ағайын-туыс, дос-жарандарын шақырып, ұлан-асыр той ұйымдастырғандар анықталды. Бақылау тобы жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды тоқтатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900169-zelide-policeilerdin-qyzmetik-koligine-qatysty-zana-cellendz-tarap-ketti/