RU

Алматыда трамвай депосының орнына не салынатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда "Depo Evolution Park" бұрынғы трамвай депосының орнында құрылыс жұмыстары жанданды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жерде креативті жастарға арналған қоғамдық парк ашылады.

Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік кластары, зертханалар, оқу залдары, шоурумдар, кино дәрісхана залдары, көркемөнер студиясы, кітапхана, коворкинг ашылады. Одан бөлек қажетті инфрақұрылым экстрим паркі, өнер паркі, воркаут, спорт алаңдары ашылады. Бұл жоба қалалық кеңесте таңдалды. Осыған ұқсас орындар Нью-Йорк («Хай-Лайн»), Париж, Мәскеу қалаларында бар.

"Бұл жерде қонақ үй, тұрғын үй, мейрамханалар салынбайтын болды", - деді басқармадан.

Белгілі болғандай, бұған дейін бұл жерде нысан салу мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында инвесторлармен келісілген. Кейін қоғамдық пікір ескеріліп, бюджет қаражатына оған дейін жоспарланған лофт-орталық таңдалып алынды. Depo Evolution Park жобасының құрылысын 2021 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жоба құны - 2,5 млрд теңге.

Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылы күзде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол апатынан кейін қабылданған еді. Бірінші болған апат салдарынан 5 адам зардап шегіп, 17 автокөлік зақымдалса, екіншісінде бір адам зардап шегіп, тағы да бірнеше автокөлік зақымдалды.

Одан кейін әкімдік трамвай депосының орнына қоғамдық кеңістік салу туралы байқау жарияланды. Айта кету керек, былтыр ақпанда Depo Evolution Park жастар паркінде құрылыс жұмыстары тоқтаған болатын. Одан кейін депо орнында қонақүй салынады деген қауесет тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900191-almatyda-tramvai-deposynyn-ornyna-ne-salynatyny-belgili-boldy/