Танымал аспаз Рамзан Қадыровтың үстіне тағамын төңкеріп ала жаздады
Опубликовано:

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров танымал түрік аспаз Бурак Өздемирде қонақта болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дубайда түсірілген видео "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жарияланды.
Оздемир өз тағамын ұсынған кезде Қадыровтың үстіне төңкеріп ала жаздады. Мұндайды күтпеген екеуі де айқайлап жіберіп, кейін күліп, бір-бірін құшақтады.
Тамақтанып болған соң қолдарына жазуы бар нан алып, естелік суретке түсті.
Қадыров қонақжайлығы үшін Өздемирге алғыс білдіріп, ас дәмді болғанын айтты. Ол жастар түрік аспазынан бизнес жүргізу бойынша үлгі алуы керек деп санайды.
Айта кетейік, Динара Қырықбаева Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровпен кездесіп қалды.
Динара Қырықбаева кездейсоқ орын алған жүздесу туралы өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы бұл жаңалықты бірден оқырмандарына жеткізуді жөн көрген. Ол Рамзан Кадыровты көрген бойда оған қызымен суретке түсуге өтініш білдірген. Шешенстан басшысы қазақстандық әншінің бетін қайтармай, бүлдіршінмен қуана фотоға түскен. Белгілі болғандай, Қырықбаеваның да, Кадыровтың қыздарының есімі Айша екен.
Отандық жұлдыз мұны бірден саясаткерге айтып өтті. Шоу-бизнес өкілі Шешенстан басшысы мен қызының фотосын қалың көпшілікке көрсетіп, кездесуден алған әсерімен бөлісті. Желі қолданушылары аталмыш суретті қызу талқылап, Кадыровтың асқан қарапайымдылығына тәнті болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900216-tanymal-aspaz-ramzan-kadyrovty-stine-tagamyn-tkerip-ala-zazdady/