Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қай өңірінде қалың қар күтіледі

Опубликовано:

Қыс көрінісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазгидромет 23 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды zakon.kz.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, күндіз екпіні 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы түнде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде бұрқасын, Ақмола облысында тұман, Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғады. Алматы облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900225-kazakstanny-kaj-irinde-kaly-kar-ktiledi/

pixel