Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 65 жастан асқандарға COVID-19-ға қарсы вакцина салуға рұқсат етілді

Опубликовано:

Вакцина салдыру сәті
Көрнекі фото: Manuel Velasquez/Getty Images

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді. Елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов осылай деді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қаулымен жастың жоғарғы шегі бойынша шектеуді алып тастадық. Бірақ, қарт адамдарға вакцина салмас бұрын, олардың денсаулығын, қандай да бір ілеспе ауруларының бар-жоғын мұқият тексеру ", - деді Қиясов телеарна эфирінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство 65 жастан асқан адамдарды вакциналау жоспарына қосу мәселесін қарайтынын мәлімдеді. Ол созылмалы аурулардың бар-жоғы, аллергиялық реакция ескерілетінін нақтылаған болатын.

Дүйсенбі, 22 ақпанда, денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды.

Министрлік санитарлық талаптарды сақтау мақсатында медициналық мекемеге журналистерді шақырған жоқ.

Жыл соңына дейін алты миллионға жуық қазақстандыққа вакцина салу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова әкімдіктің онлайн брифингінде Нұр-Сұлтанда карантин қандай жағдайда жеңілдейтінін мәлімдеді. Ол үшін бұл аптада қала қалыпты деңгейде сары аймақта тұруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900234-qazaqstanda-65-zastan-asqandarga-covid-19-ga-qarsy-vakcina-saluga-ruqsat-etildi/

pixel