Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда коронавирусқа қарағанда көлік апатынан үш есе көп адам қайтыс болған

Опубликовано:

жол апаты
Фото: www.centralasian.org

Өзбекстан ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігі басқармасы былтыр жол-көлік апатынан 1962 адам қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтары қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылы елде 7000 жол апаты орын алған. 1689 оқиға қайғылы жағдаймен аяқталса, 1962 адам қайтыс болған.

2019 жылы 8092 жол-көлік оқиғасы болып, 2094 адам көз жұмған. Яғни 2020 жылы жол-көлік оқиғасы 13,7 процентке төмендеген.

Ал коронавирус инфекциясынан 621 адам қайтыс болғаны анықталды. 20 ақпандағы көрсеткіш бойынша елде жалпы 79 654 адамнан қауіпті вирус табылған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өзбекстан президентінің отбасы мен үкіметке жақын дереккөз Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы, мемлекет басшысы қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Отабек Умаров 13 ақпан күні кешке Ташкент орталығында жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатын.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 36 жастағы Отабек Умаров қатты жылдамдықпен келе жатып, солға қарай кілт бұрылған, содан жол шетіне соғысқан. Ешкім зардап шекпеген.

Президент күйеу баласының аяғы жараланып, ауруханада алты сағат бойы ота жасалған деген ақпарат бар.

Тағы бір дереккөз мәліметінше, Умаровтың "оң аяғы үш жерден сынған, ал сол аяғының сүйегі қатты соққыдан мыжылып кеткен".

Екінші бір мәліметтерге қарағанда, науқасты жекеменшік медициналық ұшақпен шетелге алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900247-ozbekstanda-koronavirusqa-qaraganda-kolik-apatynan-us-ese-kop-adam-qaitys-bolgan/

pixel