Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызға қасақана АИТВ жұқтырған азамат сотталды

Опубликовано:

АИТВ
Көрнекі фото: vl.aif.ru

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оған АИТВ жұқтырған азамат сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты. Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2018-2020 жылдар аралығында 2003 жылы туған қызбен жыныстық қатынасқа түскен.

Сотталушы өзінің АИТВ жұқпасына шалдыққанын біле тұра дертті қасақана жұқтырғаны сот отырысы кезінде дәлелденді.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы өз кінәсін мойындаған. Сот-медициналық сараптама кезінде тағылған айып орынды екені белгілі болды.

«Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 118-бабы 3-тармағы, 122-бабы 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сотталушының өз кінәсін мойындағанын ескерді.
Сот үкімімен Б. айыпты деп танылып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қызметтік көліктен бас тартып, астына мініп жүрген су жаңа Toyota Camry 50 көлігін қарттар үйіне берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900248-aqtobede-kameletke-tolmagan-qyzga-qasaqana-aitv-zuqtyrgan-azamat-sottaldy/

pixel