jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Көбі Алматы қаласынан: Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 692 адам тіркелді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 692 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 208 809-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 60,

Алматы қаласы - 111,

Шымкент қаласы - 6,

Ақмола облысы - 65,

Алматы облысы - 36,

Атырау облысы - 28,

Шығыс Қазақстан облысы - 82,

Жамбыл облысы - 10,

Батыс Қазақстан облысы - 45,

Қарағанды облысы - 35,

Қостанай облысы - 67,

Қызылорда облысы - 9,

Павлодар облысы - 93,

Солтүстік Қазақстан облысы - 40,

Түркістан облысы - 5.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Одан бөлек Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірген болатын.

Көбі Алматы қаласынан: Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 692 адам тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.