RU

Елордада егде жастағы әйел үш баланы соққыға жыққан

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордада егде жастағы әйел аулада ойнап жүрген үш баланы ұрып тастады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ересек адам балаларды бірінен соң бірін соққыға жыққаны видео кадрынан анық көрінген. Сонымен қатар, олардың әжейдің әрекетіне тосырқап қалғандарын да байқау қиын емес.

Бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдарына таяқ жеген баланың анасының арызданғаны белгілі болды.

Нәтижесінде елордалық полиция департаменті 63 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Келеңсіздікке әжейдің өз немересі мен басқа балалардың арасындағы төбелес себеп болғанын жеткізген.

"Қазіргі уақытта бұл әйел адаммен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сот –медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша әйел адамға қатысты шешім қабылданатын болады", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Жасөспірімдерді аяусыз соққыға жыққан егде жастағы әйел тәртіп сақшыларына өзін ұстай алмағанын айтыпты. Қарияның сөзінше, 6 жастағы немересін ауладағы үлкен балалардың ұрғанын білгенде ашуын тежей алмаған .

Елордалық тұрғынға қандай жаза қолданылатыны белгісіз. Полиция арнайы сараптамадан соң, шешім қабылданатынын мәлім етті.

Автор: Б. Сатуов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900280-elordada-egde-zastagy-aiel-us-balany-soqqyga-zyqqan/