Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: nakanune.ru

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 2021 жылғы 18 ақпанда сағат 13.45 шамасында Зеренді ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Еленовка ауылының 40 жастағы тұрғынынан “Көкшетау-Атбасар” тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Апаттың Айдарлы ауылының маңында орын алғаны белгілі болды.

“Көкшетау-Атбасар” тас жолының 29 шақырымында 43 жастағы ер адам  басқарып келе жатқан “Тойота Камри” маркалы автокөлік жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, 46 жастағы ер адам басқарып келе жатқан ресейлік есепте тұрған “ВАЗ-2115” маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан үш адам көз жұмып, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты.

Батыс Қазақстан облысының полициясы 22 ақпанда Орал-Атырау тас жолында, Тайпақ ауылының маңында жантүршігерлік апат болғанын атап өтті. Жолда Toyota мен Lada маркалы көліктері соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900293-aqmola-oblysynda-bolgan-zantursigerlik-zol-apatynan-us-adam-qaza-tapty/

pixel