RU

Байден тапсырмасы: АҚШ COVID-19 құрбандары үшін бес күн аза тұтпақ

Джо Байден
Фото: JIM LO SCALZO / GETTY IMAGES

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус дертінің құрбандарына бес күндік аза тұту күнін жариялады. Елде COVID-19 құрбандарының саны 500 мыңнан асып кеткен деп хабарлайды The New York Times.

Дүйсенбіде АҚШ елінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 500 мыңнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, дертті жұқтырғандардың жалпы саны бойынша АҚШ әлем елдері арасында көш бастаған - 28,185,469, .

Көрсеткіштердің мұншалық артуын тіпті мамандар алдын ала болжаған емес. Президент Байден мен вице-президент Харрис дүйсенбіге қараған түні вирустың салдарынан қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

"Біз қайтыс болған адамдарды қарапайым америкалықтар деп сипаттаған сәтті жиі естиміз. Оларды қарапайым деп айтуға келмейді. Біз жоғалтқан адамдар ерекше болды, олар әр түрлі буындардың өкілдері, Америкада туды немесе Америкаға қоныс аударды. Олардың көпшілігі Америкада жападан жалғыз соңғы демдерін алды", - деді Байден.

Джо Байден марқұмдарды аза тұтып, мемлекеттік туды бес күнге түсіруге шақырды. Пандемия жалғасын тапқан сәттен бастап АҚШ-та COVID-19-дан өлім саны көбеюін тоқтатқан емес. Елде алғашқы рет COVID-19-дан қаза табу жағдайы 2020 жылы 6 ақпанында Калифорниядағы Санта-Клара округінде тіркелген болатын.

Бұған дейін АҚШ-та коронавирустан қаза тапқандардың саны үш соғыста қаза тапқандардың санымен тең екендігі хабарланған еді. 2020 жылдың аяғында сарапшылар АҚШ-тағы COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны сәуір айына қарай 500 мыңдық межеден асады деп болжады, бірақ бұл ертерек орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900295-baiden-tapsyrma-berdi-aqs-covid-19-dan-qaza-bolgandardy-bes-kun-aza-tutady/