Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойын клубында 200 мың теңгесін ұтқызған ақмолалық ер адам төбелес шығарды

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Ақмола облысындағы ойын клубында ұтылып қалған мас ер адам ғимаратта төбелес шығарды деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің ресми сайты.

Оқиға 20 ақпанда Атбасар ауданында болған. Полицияға 57 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ол мас ер адамның ойын клубында төбелес шығарғанын айтқан. Келуші жанжалмен бастап, монитор мен компьютердің жүйелік блогын сындырған.

Оқиға орнына келген полицейлер төбелес шығарған ер адамның бұрын сотталғанын, осы клубқа жиі келетінін анықтапты.

Ер адам мас күйде болған. Ол осы клубта бірнеше мәрте ақшасынан ұтылғанын, алайда еш тоқтай алмағанын мойындапты. Күдікті сонда да ойынханаға келіп, ойнауын тоқтатпаған. Соңғы рет ол 200 мың теңге ұтылыпты.

Ер адам өз түсініктемесінде жанжал шығаруына ақшасын ұтылуы себеп болғанын айтқан.

"Бұзақылық" бабы бойынша өндіріс басталды. Күдіктіге қатысты "Келу міндеттемесі" мәжбүрлеу шарасы қолданылған.

Еске саоа кетсек, Алматыда ойын-сауық орталығының автотұрағында болған төбелес видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

Алматы полиция департаменті сауда-ойын-сауық орталығының тұрағында жанжалдасқан екі адамның ұсталып, Медеу ауданының полиция басқармасына жеткізілгенін растады.

1990 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар ұсақ бұзақылық үшін 434 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тексеріс нәтижесінде олардың бірінің қолындағы пышақтың ойыншық пышақ екені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900308-aqmola-oblysynda-oiyn-klubynda-200-myn-tengesin-utqyzgan-er-adam-tobeles-sygardy/

pixel