Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында адамдар отырған көлікті бел ортасынан соққан автобустың видеосы тарады

Опубликовано:

авто
Видеодан кадр: sputnik.kz

Ақсу қаласында ақау шыққан жолаушылар автобусы адамдар отырған көлікті бел ортасынан соғып, бірнеше метрге сырғытты. Оқиға куәгерлері артқа қарай жүрген автобусты видеоға түсіріп алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Павлодар облысының полициясы оқиғаның 22 ақпанда сағат 19.21-де "Астана" сауда үйі аумағында болғанын мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, көлік тізгінінде 59 жастағы азамат болған. Hyundai маркалы автобус түсініксіз жағдайда кептеліске түсіп, артқа қарай қозғалып кеткен.

Осылайша автобус артында тұрған Kio Rio автокөлігін бел ортасынан итере бастаған. Автобустың ішінде 3 адам, ал жеңіл көлікте 2 адам болған. 

Абырой болғанда, жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Автобус қаладағы ЖШС-нің біріне тиесілі және №4 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтыны анықталды.

Аталған факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (көлік жүргізушісінің жол жүрісі қағидаларын адамның денсаулығына зиян келтіруге, көлік немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлі адам 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапқан еді.

Сонымен бірге, Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты.

Батыс Қазақстан облысының полициясы 22 ақпанда Орал-Атырау тас жолында, Тайпақ ауылының маңында жантүршігерлік апат болғанын атап өтті. Жолда Toyota мен Lada маркалы көліктері соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900324-pavlodar-oblysynda-adamdar-otyrgan-kolikti-bel-ortasynan-soqqan-avtobustyn-videosy-tarady/

pixel