Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелімді ұрып жатырмын": Атырауда полицияға жалған ақпар берген адам жазаланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: polisia.kz

Атырауда ер адам полицияға заңды әйелін ұрғаны туралы жалған ақпар бергені үшін жазаланды деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 18 ақпанда орын алған, деп жазады портал. 41 жастағы Атырау қаласының тұрғыны полицияға өзінің әйелін ұрып жатқандығы туралы хабарлама жіберген.

Бұл ақпаратты тәртіп сақшылары тексерген. Нәтижесінде әйелді ұру фактісі расталмапты.

Ведомство мәліметінше, полицияны шақырған ер адам удай мас болған.

Бұзақы мас күйінде жалған ақпар таратып, қоңырау шалғанын мойындады.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам "мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар қызметтерінің қасақана жалған шақыруы" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 43 755 теңге айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында отбасылық жанжалдың соңы әйел мен оның үш айлық нәрестесінің өлімімен аяқталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900349-aielimdi-uryp-zatyrmyn-atyrauda-policiyaga-zalgan-aqpar-bergen-adam-zazalandy/

pixel