Танымал британиялық фотограф Моңғолиядағы қазақтардың өмірін көрсетті
Опубликовано:

Ұлыбританияның белгілі фотографы әрі фотожурналисі Клэр Томас Моңғолиядағы қазақтардың бір күнінен фоторепортаж жасады деп хабарлайды The New York Times басылымы.
Шетел фотографы Моңғолияның тауларын мекен еткен қазақ халқының тыныс-тіршілігімен танысып, олардың өмірінен әсерлі фотоларды көпшілікке жария еткен.

Клэр Томастың айтуынша, Өлгей қаласынан оңтүстікте көлдің маңында орналасқан елді мекенді қазақтар мекен етеді. Журналист аттың құлағында ойнап, бүркітті бағындырған қазақтардың өмірін зерттеуді 2019 жылдан бері жоспарлап келіпті.

Алтайды мекендеген 12 жастағы Арқалақ, оның әкесі Аланкүш, 72 жастағы Байған әжей мен тоғыз жасар Дастан фотографтың басты кейіпкерлеріне айналған.

Қазақтардың қызығы мен шұжығы мол өмірін көрсететін фотографтың суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.








Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900379-beldi-britaniyalyq-fotograf-mongoliyadagy-qazaqtardyn-omirin-alem-nazaryna-usyndy-foto/