Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар Байқоңырда үш күннен бері табылмай жатқан баланы іздеуге ақша жинауға кіріскен

Опубликовано:

бала11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті алаяқтар әлеуметтік желіде Байқоңырда жоғалған баланы іздеуге ақша жинап жатқанын айтып, дабыл қақты. Ведомство көпшілікті алаяқтардың арбауына түспеуге, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған.

​Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеулеріңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз.

Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз", - деп хабадар етті ведомство.

Еске сала кетейік, Байқоңырда қос жеткіншек 20 ақпан күні сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйіне оралмаған еді. Келесі күні балалардың бірі Сырдария өзенінен өлі күйінде табылды.

Қазір екінші жеткіншекті іздеу жұмыстары жалғасуды. Оған 73 адам жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, олардың қатарында 20 ерікті мен баланың 11 туысы бар. Қалғаны қазақстандық және ресейлік құтқарушылар мен полицейлер.

Сонымен қатар іздеу жұмыстарына 9 техника бірлігі, 3 жүзу құралы, 1 кинологиялық топ тартылған.

Қазір жасөспірімді "Маяк" спортешені аумағынан іздеп жатыр. Оны соңғы рет адамдар сол аймақтан, дәлірек айтқанда, Сырдария өзенінің жағасынан үш шақырым жерден көрген.

23 ақпан кешке дейін іздеу аумағын кеңейту жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900395-alayaqtar-baiqonyrda-us-kunnen-beri-tabylmai-zatqan-balany-izdeuge-aqsa-zinauga-kirisken/

pixel