RU

Қарағандыда ақша қарыз болған ер адамды таныстары ұрлап әкеткен

ер адам11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда ер адамды екі танысы ұрлап әкеткен. Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірген. Бұл туралы аймақтың полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

21 ақпан күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне белгісіз біреулер "Тойота" маркалы автокөлігіне 34 жастағы азаматты күштеп салып, белгісіз жаққа алып кетті деген хабарлама түскен.

Санаулы уақыт ішінде оқиға орынына Қарағанды қалалық полциия басқармасы патрульдік полиция полкінің жақын маңдағы нарядтары жұмылдырылған.

Ізін суытпай қала көшелерінің бірінен полиция қызметкерлері бағыттама берген көлікті байқаған. Олар аталған көлікті тоқтатқан.

Көлікте күдікті 25 және 33 жастағы екі адам және күштеп салып алған адам болған. Ұсталғандардың айтуынша, жәбірленуші оларға ақша қарыз болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 125 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, 18 ақпан күні Қарағандыда белгісіз біреу 54 жастағы азаматшаға шабуыл жасап, қол сөмкесін тартып әкеткені туралы жазған болатынбыз.

Жәбірленуші азаматша жеңіл дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. Қол сөмкесінде ақшамен бірге құжаттары болған.

Аталған қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900440-qaragandyda-aqsa-qaryz-bolgan-er-adamdy-tanystary-urlap-aketken/