Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да синтетикалық есірткі сатумен айналысқан отбасы анықталды

Опубликовано:

Есірткі
Фото: polisia.kz

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді сатып келген отбасыны анықтады деп хабарлайды polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде есірткілік заттар Петропавл қаласы байланыс жасау жолымен сатылғаны анықталды, психобелсенді заттарды жасайтын үй-жай қаладан 120 км жерде Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан екен.

Есірткі зертханасында синтетикалық “тұзды” жасауға қажетті жағдай жасалған, желдетілетін бөлме жабдықталған, колба, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныс костюмдері мен респираторлар болған. Бұл криминалдық бизнеспен бірге тұратын ер адам мен әйел, сондай-ақ олардың жақын туыстары айналысқан. Ұстау және тінту кезінде полицейлер дозаларға бөлініп салынған және сатуға дайындалған салмағы шамамен 55 грамм синтетикалық есірткіні анықтап тәркіледі.

Қаптауға арналған материал, ұялы телефондар, дәріханалық таразы, жазбалары бар дәптер және тағы басқа заттар тәркіленді. Сондай-ақ салмағы шамамен 700 грамм синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ тәріздес зат алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, ақпан айының ортасында Жітіқаралық полицейлер есірткі сатумен айналысатын 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді  ұстады. 

Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды. Ер кісі ішкі киімінде героиннің 17 фольга байламын жасырған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900463-sko-da-sintetikalyk-esirtki-satumen-ajnalyskan-otbasy-anyktaldy/

pixel