Құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерге қандай шара қолданылады
Опубликовано:

Қазақстанда полицейлер ешбір құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді тоқтатып, көліктерін айып тұрағына жеткізеді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Үстіміздегі жылдың 1 ақпанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойған болатын.
13 ақпаннан бастап ел азаматтарына көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуге рұқсат етілді.
Ішкі істер министрлігі тізімде көрсетілген құжаттардың ешқайсысын өзімен бірге алмағандарға қандай шара қолданылатынын Kolesa.kz-ке жауап берген.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігіне сәйкес, көлікті құжатсыз басқарған жүргізушілер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер жағдай бірінші рет тіркелсе, ескерту жасалады немесе 5 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады.
Егер жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін болмаса оның ішінде көлік жүргізушісі жек басын куәландыратын мәліметтерді дұрыс айтпаса немесе тіпті айтудан бас тартқан жағдайда ІІБ қызметкерлері оны тоқтатып, көлігін айып тұрағына жеткізеді", - дейді ІІМ.
Дегенмен ведомство құжатсыз жүргізушінің жеке басын қалай анықтайтынын нақтыламады.
Айта кетейік, әкімшілік кодекстің 785-бабында тәртіп бұзушының жеке басын анықтау үшін оны тоқтатуға болатыны көрсетілген. Алайда жүргізушіні үш сағаттан артық (789-бап) ұстауға болмайды.
Кодекстің 797-бабына сәйкес, полиция жүргізушісі ешбір құжатсыз рөлге отырған көліктерді тоқтатуға және айыппұл тұрағына жіберуге құқылы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900500-quzatsyz-zolga-syqqan-zurgizusiler-qalai-zazalanady/