Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақылға қонымсыз құжат": Боливияда медқызметкерлер ел президенті қол қойған заңға қарсы шықты

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Боливия астанасы Ла-Паста медицина қызметкерлері шеруге шығып, полициямен қақтығысты деп хабарлайды "Хабар 24".

Ақ халатты жандар ел президенті 17 ақпанда қол қойған заңға қарсы бас көтерген. Сол құжатқа сәйкес денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Дәрігерлердің ашу-ызасын тудырған тағы бір мәселе – жаңа заң бойынша шетелден медицина қызметкерлерін ақылы жұмысқа алуға болады. Негізі бұл наразылық шеруі 19 ақпанда басталған.

"Бүкіл ел болып президент енгізген заңды айыптаймыз. Осындай ақылға қонымсыз құжат қабылдап, зиян тигізуді, әділдікті бұрмалауды тоқтатуды талап етеміз. Елдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Бізге түбегейлі өзгеріс керек", - дейді медицина қызметкерлері одағының өкілі Фернандо Ромеро.

Еске сала кетсек, Атырауда коронавирус жұқтырған мұнайшыларға ем-дом көрсеткен жекеменшік емхана қызметкерлері жұмыстан қуылып жатқанын жазған едік.

Айтуларынша, олар пандемия кезінде жұмыс істегені үшін үстемақы алмапты. Ал ақша сұрай келгендерге басшылық қысым көрсетеді екен.

Сонымен бірге, Ақтөбеде 15 ақпанда жедел жәрдемнің 50-ге жуық жүргізушісі наразылыққа шыққан болатын. Айтуларынша, ай сайын алатын 70-80 мың теңге жалақылары ешнәрсеге жетпейді екен.

Жүргізушілер мәселе шешілмесе әкімдікке дейін баратындарын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900505-boliviyada-totense-zagdaiga-narazy-medicina-qyzmetkerleri-seruge-syqty/

pixel