Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мәйітханасының экс-директорына қатысты істе жаңа деректер пайда болды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 4,5 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінген қалалық патологоанатомиялық бюроның бұрынғы директоры Бақытжан Әлібековке қатысты тергеудің аяқталғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлібековтің мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша қаражат жымқырды деген күдікке ілінгені атап өтілді.

"Одан бөлек, Әлібеков көрсетілген ақшаны ұрлау мақсатында заңмен тыйым салынғанына қарамастан, "Veritas Primus" ЖШС құрып, жоғарыда аталған бюджет қаражатын жымқырған", - дейді Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Сонымен бірге Әлібеков салынып жатқан Алматы қаласы жаңа патолоанатомиялық бюросына медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі таңда іс сотқа жолданған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бақытжан Әлібековтің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Кейінірек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Youtube желісіндегі парақшасында Алматыдағы мәйітхана директорын ұстау операциясының видеосын жариялады.

Айта кетейік, Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова екі айға қамауға алынған еді.

Сонымен қатар "Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығының" басшысы Арапби Меңлібаев та екі айға қамауға алынған.

Екі шенеуніктің пандемия жағдайында кеңсе техникасын сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900607-almaty-mjithanasyny-eks-direktoryna-katysty-iste-zaa-derekter-pajda-boldy/

pixel