Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілмек

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

«Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды» ,-деп жазды палата төрағасының орынбасары.

Юлия Якупбаеваның хабарлауынша, билығы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі.

Жасыл аймақта:

  • жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр);
  • 50 адамға арналған еске алу астары (залдың 30% ғана толтыра отырып);
  • бильярд қызметіне;
  • ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;
  • цирктарға.

Сары аймақта:

Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

Ашық қосымшасы:

  • боулинг қызметі;
  • компьютер клубтарының қызметі;
  • фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
«Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар» ,-деп жазды палата өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900637-qazaqstanda-1-nauryzdan-bastap-karantin-talaptary-zenildetilmek/

pixel